Таным

Әлем елдерінің ғұрпынан

Америкада Алғыс айту күнін қарашаның төртінші бейсенбісінде Рождество деңгейінде тойлайды. Отбасы мүшелері дастархан басына жиналып, бір-біріне шын жүректен алғыс білдіреді. Шіркеуге барып, ғибадат етеді. АҚШ-та бұл күні дастарханға күркетауық етін қою дәстүрге айналған. 

* * *

 Канадада Алғыс айту күні немесе француз тілінде «L’Action de Grâce» күні жыл сайын қазанның екінші дүйсенбісінде аталады. Бұл мереке 1578 жылы Мартин Фробишердің Ньюфаундлендке көшіп келуімен байланысты. Яғни, канадалықтар арғы аталарының Атлант мұхитын сәтті асып өтуін осы күнмен байланыстырады. 

* * * 

Вьетнам мен Қытайдың кейбір аймақтарында Алғыс айту мерекесі «Tet Trung Thu» деп аталады. Григориан күнтізбесіне сәйкес, мереке қыркүйектің аяғы мен қазанның басына сәйкес келеді. Біздің тілге аударғанда «Күз ортасындағы фестиваль» деген мағынаны білдіреді. Атаулы күнде жергілікті халық аңыз бойынша жерге жауын жіберіп, мол астық берген айдаһарға алғыс айтады екен.

 * * * 

Жапонияда жыл сайын 23 қарашада «Kinrō Kansha no Hi» күні мерекеленеді. Жапондықтар үшін бұл жыл сайынғы «Еңбек күні». Олар сол күні жұмыс берушілерге өздерін жұмыспен қамтамасыз еткендері үшін алғыстарын айтады. Алғыс айту күні Жапонияда 1948 жылы пайда болған. Соғыстан кейін жұмыссыз қалған халық жұмыс бергендерге рахмет айтатын болған. Ал, тарихта жапондықтар күріштің мол өнімі жиналғанда алғыс айтқан.

 Ғаламтор деректерінен.

Басқа материалдар

Back to top button