Компанияның нақты қолдауы

Жаңа оқу жылының қарсаңында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Металлург» балалар хоккей клубына жалпы сомасы 3,5 млн. теңгеден асып жығылатын 240 дана хоккейшілер киімдерін тарту етті.

Жаттығу және ойын киімдері – костюмдер, шалмалар мен бас киімдер клуб тәрбиеленушілеріне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ халықаралық конференц-орталығында салтанатты жағдайда табыс етілді.

Жас хоккейшілерге жарасымды сыйды табыстау сәтіндегі сөзінде компанияның бас директоры Парамжит Калон: «Біз болашақты бедерлі етуге мүдделіміз, міне, сондықтан да, балалар спортына бүгіннен бастап қаржы салуға тиіспіз. Теміртау қаласының ертеңі – бүгінгі жас өркен. Солардың есейіп, туған қаласында ғұмыр кешіп, елдің әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етеріне сенеміз. Келешекте бізге дарынды, қолынан іс келетін, бәсекеге қабілетті мамандар қажет. Спорт – соған бейімдеудің төте жолы» деді.

Әлемдегі экономикалық дағ­дарыс жағдайына қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына қаржы салуды жалғастыруда. Мәселен, биылғы жылдың шілде айында металлургтер мен шахтерлер обыр дертіне шалдыққан балаларды сауықтыруға қолдау көрсетуге арналған «Бірге көмектесейік» қайырымдылық акциясына белсене қатысқан болатын.

Ал, қазіргі таңда компания депар­таменттерінде «Мектепке жол» акциясы іске асырылуда.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.