Спорт

Керекудегі тарихи жеңіс

«Шахтер» Керекуде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Жексенбі күні жергілікті «Ертіспен» ойнаған жерлестеріміз 1:2 есебімен жанкүйерлерін бір қуантты.

Матчтағы алғашқы голды «Ертіс» сапындағы Карлос Фонсека салды. 20-шы минутта Фонсека «шахтерлік» Шацкийді қапы қалдырды. 1:0.

Біздің жігіттер де қарап жүрмеді. Хижниченко бірнеше мәрте керекуліктердің қақпасына қауіп төндірді. Алайда, бірінші таймда таблодағы көрсеткіш өзгере қоймады.

Үзілістен кейін «Шахтер» сапында өзгерістер жасалды. Марат Шахметовті Иржи Валента алмастырды.

Екінші таймды қарағандылықтар қарқынмен бастады. Нәтижесінде, 63-ші минутта Милан Стоянович айып добын қақпаға дөп кіргізді. 1:1.

83-ші минутта Сергей Хижниченко таразы басын «Шахтердің» пайдасына аударды. Ильнур Мангуткин допты Хижниченкоға көтеріп, өз кезегінде Сергей Давид Лориядан айласын асырды. 1:2.

Сөйтіп, «Шахтер» Премьер-Лига тарихында тұңғыш рет Керекуде жеңіске жетті.

Қарағандылықтардың келесі қарсыласы – «Тараз». Ойын 29 шілдеде Қарағандыда өтеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button