Бас тақырып

Баспанаға – 40 миллиард

Денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері үшін тұрғын үй сатып алуға 40 млрд. теңге бөлінеді. Қазақстандық Ипотекалық компания арқылы алдағы екі жылда осы салалардың 3000 маманы баспаналы болады.

Пәтерлер кейін сатып алу құқығымен жалдамалы негізде беріледі. Оны алуға үміткерлер тізімін салалық министрліктер жасайды. Ал, Қазақстандық Ипотекалық компания қатысушылардың төлем қабілеттілігін бағалайды және өтінімдері мақұлданған үміткерлермен ұзақ мерзімді жалға алу шартын жасайды.

Баспананы жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін. Бірақ, оны кез келген уақытта айыппұл санкциясынсыз мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі бар. Және бір артықшылығы – бастапқы жарна талап етілмейді әрі табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілдіктерді тарту мүмкіндігі.

– Мұнда тек дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар, медбикелер де, бухгалтерлер, инженерлер және басқалары үміткер бола алады. Лауазым тұрғысынан басымдықтар жоқ. Ең алдымен, жұмыс өтілі, отбасы құрамы, жүйеге енгізілген жарналар негізінде қарастырылады, – деді Е.Біртанов.

Министрлік мамандарының айтуынша, соңғы бес жыл ішінде меншікте тұрғын үйдің болмауы шарт және табыстары туралы анықтама әкелу арқылы төлем қабілеттілігін растау қажет.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button