Бүгін Теміртауда ауа сапасы нашарлайды

Қазгидрометтің хабарлауынша, 4 қыркүйек күнгі  метеорологиялық жағдай Теміртау  қаласында ауаның ластануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.