Бүгін Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімі өтеді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында сайлаушылардың басым даусымен жеңіске жеткен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұлықтау рәсімі барысында Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады. Сонымен қатар, Президент рәсім барысында Қазақстан халқына ант береді. Ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Еске сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес, 9 маусымдағы кезектен тыс Президент  сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 % дауысын (сайлаушылардың 6 539 715 дауысы) алып, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 12 маусымға белгілеу туралы арнайы Қаулы қабылдады.