Қазақстанда коронавирустан бір әйел қайтыс болды

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасының тікелей эфирінде өткен шұғыл брифингте хабарлады. 

 «Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл — орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар болмасын деп тілейміз. Өздеріңіз көріп отырсыздар, вирустың ел ішінде таралуы өсіп келе жатыр. Үкіметтің Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына қатысты шектеулері комендантық сағат емес. Бірақ, ол талаптар қатаң сақталуы керек», — деді Дәурен Абаев.