Жаңалықтар

Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы (10 наурыз, 2020 жыл)

ҚХР мен шектес мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Барлық санаттар бойынша мониторингке барлығы 4386 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1200, 1 «б» санаты бойынша – 167, 2 санаты бойынша – 3019 адам. Барлығы 375 адам бақылаудан алынды. 10 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 4011 адам бақылауда тұр.

10 наурызға барлығы 87 адам, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 20 адам, 2 санаты бойынша – 34 адам, 3 санаты бойынша – 33 адам ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға жатқызылғандар 87 адам , ал, 44 адам шығарылды. 43 адам стационарда қалады.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

Әлемде 33 535 (круиз лайнерін қоса алғанда – бөлек көрсетілген) КВИ (889 өлім жағдайы: Италия – 463 оқиға, Иран – 237 оқиға, Оңтүстік Корея – 53 оқиға, Испания – 30 оқиға, Франция – 30 оқиға, АҚШ – 26 оқиға, Жапония – 9 оқиға, круиз лайнерінде – 7 оқиға, Ирак – 7 оқиға, Ұлыбритания – 5 оқиға, Нидерланды – 4 оқиға, Гонконг – 3 оқиға. Австралия – 3 оқиға, Германия – 2 оқиға, Швейцария – 2 оқиға, Сан-Марино – 2 оқиға, Канада – 1 оқиға, Филиппин – 1 оқиға , Таиланд – 1 оқиға, Тайвань – 1 оқиға , Аргентина – 1 оқиға, Египет – 1 оқиға). Күн сайынғы өсім – 14,7 %, өлім – 2,6% құрады.

1 «а» категориясынан: Оңтүстік Кореяда – 7 478 оқиға (тәулігіне + 165 оқиға, өсім – 2,2%), Иран – 7161 оқиға (тәулігіне + 595 оқиға, өсім 9,0%).

1«б» категориядан: Италияда – 9172 оқиға (тәулігіне + 1 797 оқиға, өсім – 24,3%).

ҚХРда барлығы – 80 754 (тәулігіне + 19 оқиға ) коронавирус инфекциясы жағдайлары (күн сайынғы өсім – 0,02%), оның ішінде – 3 136 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,8%). 59 897 адам сауығып, шығарылды (74,1%). Стационарларда 17 721 науқас қалып отыр.

Ауруханаға жатқызылғандардың сынамасы қосымша бақылау үшін Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалардың Ұлттық ғылыми орталығына (Алматы қаласы) жіберілді. Бұл орталықта жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесі игерілген.

Республикада қолдаушы терапияға арналған барлық қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бар, жұқпалы ауруханаларда оқшаулауға арналған бокс орындары бар, дәрігерлік және орта медициналық персонал дайындықтан өтті.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды тұрақты бақылауға алған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі алдын алу шараларын ұстану қажет екенін еске салады:

– қолды және бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

– спирттік антисептиктерді қолданыңыз;

– адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу;

– сырқат адамдармен қатынаста болмау;

– суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) тұрғылықты жері бойынша дәрігерге бару қажет.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыз және туындаған сұрақтар бойынша тәулік бойы Call-орталыққа 1406 және 8(7212)955-559 нөмірі бойынша қоңырау шала аласыз.

Басқа материалдар

Back to top button