Қазақ драма театры ардагер әріптестеріне қол ұшын созды

Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының ұжымы көрермендерімен онлайн режимде кездесу өткізуде. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларын да назардан тыс қалдырған жоқ. Мәселен, кеше театр өкілдері зейнет демалысына шыққан ардагер әріптестеріне және көпбалалы отбасыларға бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді. 


— Біздің театр спектакльдер, актерлермен кездесулер және басқа да онлайн шаралар өткізуде. Сонымен қатар, біз қаржылық қолдауды қажет ететін әріптестер мен зейнеткерлерімізді де естен шығарған жоқпыз. Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Бірлігіміз — еліміздің игілігі, — дейді театр директоры және көркемдік жетекшісі Сансызбай Бекболатов.