Қауіпсіздік – басты бағдар

 

Терроризмнің алдын алу шаралары жер-жерде қарқын алуда. Жуырда Саран қаласында да лаңкестік әрекеттерді болдырмауға бағытталған іс-шара орын алды.

«Нұр Отан» партиясы Саран қалалық филиалы және қалалық прокуратурасының қолдауымен Саран қаласының Терроризмге қарсы күрес комиссиясының жұмыс тобы және жастар ресурстық орталығы «Оптима» сауда үйі мен орталық ауруханада «Антитеррористік қауіпсіздік» атты акция ұйымдастырылды.

Бұл күні еріктілерден құралған топтар мүшелері барлығы 1200-ден астам үнпарақтар таратты. Бұл үнпарақтарда террористік акт кезінде азаматтардың іс-әрекеті, антитеррористік операция­лар кезінде өзін-өзі ұстауы жөнінде мәліметтер берілді.

Әлібек БАТЫРҰЛЫ, қала тұрғыны:

Үнпарақтар үшін үлкен рахмет. Өте маңызды ақпараттар берілген. Мені терроризм туралы жалған ақпарат берудің салдары туралы айтылған тұсы қызықтырды. Бұл үшін қарастырылған жазадан хабардар болғаннан кейін кез келген азамат ой түйері сөзсіз.

Айдана, шараға қатысушы:

Біз, жастар мұндай шараларға белсенді қатысамыз. Өз қызметіміз арқылы небір келеңсіз оқиғалардың алдын алуға септігімізді тигізіп отырмыз деп ойлаймын. Осы сияқты акцияларды жиі өткізіп тұру қажет деп ойлаймын.

Үнпарақтарда жазылған ақпараттар қала тұрғындарының көпшілігін қызықтырғаны сөзсіз. Осылайша, Саран қаласы облыстағы елді мекендердің арасында бірінші болып айтулыда маңызды шараға мұрындық болды.

Татьяна ИОНУС.

САРАН қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.