Жаңалықтар

Атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен беріледі

Төтенше жағдай кезінде атаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттік мекемелерге жүгінбей-ақ алуға болады. Жаңа тәртіп сәуір айынан бастап қолданысқа енеді. Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы тексеріледі. Атап айтқанда, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, кірістер қамтылады. Егер отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, әлеуметтік көмек тағайындауға жолданған өтініш қолдағы деректердің негізінде қарастырылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері І тоқсанда АӘК алған азаматтар үшін өз бетінше өтініш жасайды және олардың АӘК тағайындау өлшемдеріне сәйкестігін тексереді», – делінген хабарламада.

Ал, І тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтар  egov.kz порталы арқылы АӘК тағайындау үшін өтініш жіберуі тиіс. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында тексеріп, нәтижесін электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды. Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттарды азаматтардан электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы сұратады.

 

Басқа материалдар

Back to top button