Бас тақырыпПрезидент

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ахуалды бақылауда ұстап отырмыз»

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады. Президент өз сөзінде дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде коронавирустың ел аумағына жаппай таралуына жол берілмегенін атап өтті.

«Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүниежүзін жайлап барады. Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты. Оны жұқтырғандар саны күннен күнге артуда. Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік. Соның арқасында, ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандардың саны ондаған есе көп», – деді Президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев, тек, Елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында карантинді күшейту туралы тапсырма бергенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, сабырлылық танытқан қазақстандықтарға алғыс білдірді.

Басқа материалдар

Back to top button