Бас тақырыпРесми

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстарын бақылау күшейтіледі

Қарағанды облысында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Биыл жол жөндеу жұмыстарының көлемі артты.  Атқарылған жұмыс пен пайдаланылатын материалдардың сапасы мұқият қадағаланатын болады. Облыс орталығында тексерушілер қатарына Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының мамандары қосылады.

– Біз «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» АМК-мен шарт жасасамыз. Бақылау бес сатылы болады. Бірінші саты зауыттан шығатын жол-құрылыс материалдарын тексеретін зертханалар болып табылады, – деп хабарлады Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов.
Оның айтуынша, орталық өкілдері әр нысанда болады.

Рүстем Қожақапанов сондай-ақ қалада 162 жол учаскесі кепілді қызмет көрсетіп отырғанын атап өтті.  Кей учаскелердік кепілдік мерзімі 3-4 жылдан кейін аяқталады. Осы мерзім ішінде пайда болған ақауларды мердігерлік ұйымдар өз есебінен жояды.

Ең ауқымды жоба К. Маркс және Магнитогорская көшелеріндегі жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу болмақ.

Басқа материалдар

Back to top button