Қарағандыда «SMART СОТ» жобасы аясында азаматтық іс қаралды

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында  судья Динара Тегжанованың төрағалық етуімен, мобильді бейнебайланыс құралын пайдалана отырып сот отырысы өтті.

Сотқа арыз-шағым түсірген талапкер сот отырысына қатыса алмаған. Әйтсе де, ол жұмыс орнында отырып-ақ,  «TrueConf» бағдарламасы арқылы сотқа түсіндірме беру, жауапкердің пікірін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. 

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «SMART СОТ» жобасы өз кезегінде соттың уақытын үнемдеу ғана емес, тараптардың жұмыста отырып, сот отырысына қатысуына мүмкіндік береді.