Бас тақырыпРесми

Қарағандыда кардиооңалту орталығы ашылды

Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ Қарағанды қаласындағы кардиооңалту орталығының ашылуына қатысты. Әлеуметтік жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылды. Мұнда жүрек-қантамыр жүйесі сырқатына шалдыққан науқастар амбулаториялық және стационарлық оңалтудан өтеді.


– Біздің орталық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ашылды. Өткен жылдың және 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кардиооңалтуға жылдық қажеттілік 1284 адамды, ал үшінші кезең – 1512 адамды құрайды. Біз миокард инфаркты мен кардиохирургиялық ота жасатқан адамдарға көмек көрсетеміз. Бізге № 2 қалалық ауруханадан пациенттер ауысып, жеті күн ем алады, – деді «Тұлпар» Кардиооңалту орталығы» ЖШС директоры Баян Екіжанова.

Орталық 70 төсек орынға шақталған және кардиооңалту үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Оның штатында 55 адам қызмет етеді, оның 16-сы – дәрігер. 

Орталық 2 қыркүйектен бастап алғашқы емделушілерді қабылдай бастайды. Жоспар бойынша, жылына үш мыңға жуық адам оңалтудан өтеді. 

Басқа материалдар

Back to top button