Жаңалықтар

Абылайхан Жүсіпов олимпиадалық лицензия жеңіп алды

Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов Олимпиада лицензиясының иегері атанды. Боксшы Аммандағы іріктеу турнирінің жартылай финалына шығып, Токиодағы ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Иорданияда өткен жарыста Абылайхан Жүсіпов қазақстандық құрамадан бірінші болып рингке шықты. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалдық кездесуде қарағандылық спортшы Тайландтық Вуттич Масуктен басым түсті. Бұл жеңіс спортшыға 2020 жылғы Олимпиадаға қатысуға лицензия берді. Сондай-ақ, ол кем дегенде қола медальға кепілдік берді.

– Сезімдерім шексіз. Мен жеңіске жеткеніме, лицензияны жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Маған жүктелген үлкен үмітті ақтадым. Бірақ турнир жалғасуда, босаңсуға болмайды, – деді жекпе-жектен соң Абылайхан Жүсіпов.

Жартылай финал 10-шы наурызда басталады. Қарағандылықтың қарсыласы Викаш Каршан (Үндістан) болады.
Бүгінде бокстан ұлттық команданың есебінде 8 олимпиадалық лицензия бар. Олардың бірін Абылайхан Жүсіпов алды.
olympic.kz

Басқа материалдар

Back to top button