Абай

Абай ауданында кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Абай ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ұлттық киім киген еріктілер тобы Абай қаласында тұратын 25 көпбалалы отбасыны мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді және   әлеуметтік көмек көрсетті. Қайырымдылық акциясынан кәсіпкер азаматтар да тыс қалмады.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы игі шара Жартас селосында тұратын 9 баланың анасы Марина Сорокинаға ерекше қуаныш сыйлағаны анық. Осыған дейін бұл отбасы үш бөлмелі пәтерде тұрып келген. Марина Сорокина мен оның күйеуі үйлерін кеңейтіп, жаңа қонысқа көшуді көптен бері армандаған екен. Әйтсе де, қаражаттың тапшылығы бұл арманның орындалуына қолбайлау болып келген. Көпбалалы ананың арманы Наурыз мейрамы қарсаңында орындалды.   “Шығыс” шаруа қожалығының басшысы Шамиль Осин  жаңа пәтер сыйлады. 

Марина Сорокина осындай игі бастаманы қолға алған аудан басшылығына және қолы ашық, жаны жомарт кәсіпкерге шын жүректен алғыс айтып, ризашылығын білдірді.  

Басқа материалдар

Back to top button