Жаңалықтар

Ұлытауда Жошы ханға ескерткіш орнату ұсынылды

Тәуелсіздік сарайында өткен  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында Ұлытауда Жошы ханға ескерткіш тұрғызу ұсынылды. Кеңес мүшесі Қазыбек Исаның айтуынша, бұл ұлт рухын көтеріп, еңсемізді биіктетер дүние болмақ.

«Жошы ханның Ұлытауда таққа отырғанына 2023 жылы 800 жыл толады. Қазақ мемлекеті  тарихындағы елдік маңызы ерекше зор бұл мерейтой мемлекеттік деңгейде тойлануы тиіс. Міне, Қазақстан Президенті айтқандай, Жошы ханға әлем назарын аударар кезең басталды  деуге болады. Осындай әлем тарихында салмағы орасан саңлақ тұлғалар мен маңызы зор қалалар өзге  бір елдің еншісінде болса не болар еді? Әріге бармай-ақ Мемлекет басшысы айтқан кішкентай Моңғолияның өзі Жошы ханның әкесі әлемді билеген Шыңғыс хан арқылы дүниежүзіне дүбірін танытып жатыр. Мүмкін біз де Шыңғыс ханның алып ескерткішіндей Жошы ханға одан да кем емес ескерткіш-кешен тұрғызармыз. Ол кешенде Жошының анасы Бөрте де, баласы Бату хан да, әкесі Шыңғыс ханның да ескерткіші тұрса, тіпті, керемет болар еді. Ал Ұлытауда мазары жатқан Жошы ханның ескерткішін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғызып жатса, ұлт рухы дүр сілкінер  дүние болар еді», – деді Қазыбек Иса.

Басқа материалдар

Back to top button