Балқаш

Балқаш тұрғындары латын әліпбиінде диктант жазды

Қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде Балқаш қалалық тілдер орталығының ұйымдастыруымен латын әліпбиінде қала тұрғындары диктант жазды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Қазақ елі 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшіріледі» деген болатын. Бағдарламаны басшылыққа ала отырып, әр салада мамандар даярлайтын төрт колледждің студенттері мен мемлекеттік органдардан және денсаулық пен білім саласынан барлығы 60 қызметкер: «А.Байтұрсынов – халықтың рухани көсемі» деген тақырыпта латын әліпбиін негізге алып диктант жазды. Мақсат – қала тұрғындарын бүгіннен бастап латын әліпбиіне көз жүгіртіп, қолдарын үйрету арқылы жазуға машақтандыру, латын әліпбиін насихаттау, үйрету.

Әлемде қазір 186 мемлекет латын графикасын пайдаланады. 187-ші мемлекет болып, осы үлкен көшке қосылу қазақ елінің еншісінде тұр. Бұл – қазақ ұлты үшін ұлы міндет. Бүгінгі іс-шара осы сара жолдың алғашқы тұсаукесері болды.

Арада 78 жыл салып латын әліпбиінде қалам тербелді. Әрине, қиындықтар бар. Әсіресе, қазақ графикасына тән дыбыстарды қағазға түсіру де кідірістер болды. Бастапқы дағдығы қалыптастыру бағытындағы жұмсытарды жалғастыра береміз,- дейді Балқаш қалалық әкімдігінің қызметкері Әмина Бәкенова.

Диктантты мінсіз орындаған А.Өтешова, А.Сәменова, Ж.Әбжанова, А.Әлкешова, Ж.Сүйіндіковке қала әкімінің орынбасары Саягүл Жақсылықова ескерткіш сыйлықтар табыстады.

Махмұт ЖАРЫЛҒАП.

БАЛҚАШ қаласы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button