Бас тақырыпРесми

Ұлттық жоғары оқу орындары ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Енді ректорлар конкурстық негізде тағайындалады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің “Фейсбук” парақшасында жазды.

“2008 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР Президенті тағайындалып келді. Бұл шешім сол кездегі ірі жоғары оқу орындарына басқару және академиялық дербестік беру қажеттілігінен туындаған болатын. “Назарбаев Университеті” ДББҰ жұмысының мысалында ұлттық университеттердің жұмысына Білім және ғылым министрлігі тікелей араласпауды көздеді. Мұндай саясат өз нәтижесін берді. Дегенмен, бәсекенің жоқтығы және “Президент тағайындауы” мәртебесі оқу орнының дамуына оң ықпалын тигізбейді.  Сонымен қатар, өткен жылы Академиялық және басқару дербестігі туралы заңның қабылдануына байланысты барлық жоғары оқу орындары қосымша өкілеттіктер мен еркіндіккке қол жеткізді”, – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Министрдің хабарлауынша, ректорларды конкурстық негізде тағайындаудың бірқатар артықшылықтары бар.  

“Біріншіден, ашық конкурс. Бұл кезеңде ректор лауазымы кандидатурасы талаптарына сәйкес келетін кез келген адам конкурсқа қатысуға өтініш бере алады.
Екіншіден, айқындылық. Барлық кандидаттар тиісті ЖОО-ның Бақылау кеңесінде әңгімелесуден өтеді.
Үшіншіден, бағдарламалар сайысы мен бәсекелестік. Бұдан әрі, Білім және ғылым министрінің төрағалығымен республикалық комиссия үміткерлері ұсынып отырған «Жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламалары» жобаларын қарастырады.
Төртіншіден, қоғам алдындағы жауапкершілік”, – деді Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі конкурстардың айқындылығы мен адалдығын қамтамасыз етуге күш салатынын жеткізді. 

Басқа материалдар

Back to top button