Көңілді серпілткен көмек

Халықты табысынан айырмау мақсатында тағайындалған 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны еш кедергісіз алдым. Қиын жағдайда Үкіметтен келген көмек бір серпілтіп тастады.

Осыдан бір-екі жыл бұрын шағын кәсібімді, атап айтқанда, шаштараз ашқан едім. Кәсібім дөңгелеп, жүріп кетті. Оның үстіне, үнемі сұранысқа ие болды. Бірақ, төтенше жағдайға байланысты жұмысты амалсыз тоқтатуға тура келді.

Дәл осындай сәтте мемлекетіміздің ешкімді сырт қалдырмай, жәрдемақы тағайындауы еліміздің біртұтастығын, оның ең басты байлығы – адамдары екенін айғақтады. Әр отбасының, еліміздің әр тұрғынының жағдайы үшін жасалған көмек ертеңге деген үмітімізді үрлеп, сенімімізді нығайтты. Қиын күндерді де еңсеретінімізді көрсетті.

Қазақстанның басты мақсаты – халқының әл-ауқатын арттыру. Бұл ұстаным ешқашан өзгермейді.

Сабыржан ЖҮНІСПЕКОВ,

жеке кәсіпкер.