Ержан Нұрлыбаев: «Коронавирус карантинде жатқан азаматтардан анықталды»

Бүгін Қарағанды қаласында тағы 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олар дер кезінде карантинге алынған және сыртқы ортамен байланыста болмаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Үш науқас инфекция анықталған кезде карантинде болған. Олардың  денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде. Сырқатқа шалдыққан азаматтарды емдеуге қажетті ресурстардың барлығы бар», — деді Ержан Нұрлыбаев.