Әзірлік мығым

   Жақында тәжірибені шыңдау үшін Астана өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлім батальон командирлеріне арналған оқу жаттығу жиыны өтті. Оған 20 офицер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, батальон командирлеріне арналған жоба алғаш рет өтіп отырған көрінеді. Осы күні 11 пән бойынша дәріс тыңдалды. Атап айтсақ, тактикалық дайындық, әскерді басқару, барлау, жауынгерлерге моральдік-психологиялық қолдау көрсету жөнінде жиынға қатысушылар тәлім алды. Сондай-ақ, тактикалық дайындықтар түнгі уақытта да жүргізілді. Қалалар мен аймақтарда соғыс тәсілін ұйымдастыруды меңгерген батальон командирі және тыңдаушылар жиын соңында емтихан тапсырды. 

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.