Жылу беру маусымына әзірлік
Облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа Осакаров ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты. Сапар барысында аймақ басшысының орынбасары жергілікті нысандардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының аяқ алысымен танысты.
Молодёжный кентінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Сәтбаев атындағы арнаның филиалы «Казводхоз» РМК қазандығында болды.
Қазандық 1968 жылдан бері жұмыс істейді және де ауыл тұрғындарын жылу қуатымен қамтамасыз етеді. Қазандық қатты отынмен жағылады, онда төрт бу қазандары орнатылған.
Жылу желілерінің ұзындығы қазір 12,6 шақырымды құрайды. Оның 1,3 шақырымы кәсіпорын иелігінде болса, қалған бөлігі – әкімдік қарауында.
Қазандықты жөндеуге бюджеттен 18,7 млн. теңге бөлінген. Жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді «Қ.Сәтбаев атындағы арна» филиалы «Казводхоз» РМК бастығы Дулат Екзеков.
Кентте Аспандиаров атындағы көше бойынша жылу желілері жөнделіп жатыр. Ұзындығы 230 метр, диаметрі 426 миллиметр магистралдық құбырларды ауыстыруға арналған материалдарды сатып алуға 10 милиион теңге бөлінген.
Анатолий Шкарупа, сондай-ақ, «Сарыарка-2017» ЖШС коммуналдық меншігіндегі және қызмет көрсететін №7 қазандықты да қарап шықты. Аталмыш нысанның ағымдағы жөндеуіне 41 млн. теңге бөлінген.
Облыс әкімінің орынбасары Молодёжныйда Осакаров ауданындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды жылыту маусымына дайындау бойынша жиналыс өткізді. Оған ауылдық округтердің әкімдері, ауданның бөлім және мемлекеттік мекемелерінің басшылары, сондай-ақ, жергілікті қоғамның белсенділері қатысты.
Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай өткізіліп жатыр. Қатты отынға деген сұраныс 133 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде, 36 мың тонна жергілікті қазандықтарға арналған, 19,7 мың тонна – тұрғындар үшін, – деп мәлімдеді аудан әкімі Нұрлан Ләмбеков.
Кездесуде, сонымен қатар, Молодёжныйды сумен қамту проблемалары да талқыланды. Анатолий Шкарупа қолданылып жатқан шаралар жайлы айтты.
Кенттің су құбырлары желісіне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына 21,3 млн. теңге көлемінде бюджеттік өтінім берілген.
Кенттегі кәріз желілерінің жөндеуі жалғасады. 2017 жылы 25 млн. теңге жұмсалып, 3 шақырым желі жөнделген болатын. Биылғы жылы осы мақсаттарға 52,2 млн. теңге көлемінде бюджеттік өтініш берілген.
Жиналыс қорытындысы бойынша Анатолий Шкарупа нақты мерзімдері белгіленген бірқатар тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.