ЖаңалықтарРесми

Жылу берілер күн жақын

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұз қаласында толық жылу жүйесі қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Ortalyq.кz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-премьердің айтуынша, кейбір үйлерге жылу берілген. Десе де, әрбір пәтердің ішкі жылу жүйесінде мәселелер бар екен.

– Қазіргі таңда мәселе әр үйдің ішінде. Жөндеу жұмыстарын бастаған кезде бәрін өшіріп қойды, соның салдарынан үйлерде су жүрмей, батареялардағы  су қатып қалды. Қазір сол жерде жүргендер батареяларды, ішкі жылу жүйелерін қалпына келтіруге бар күш-жігерін салып жатыр. Сондықтан, бұл мәселе алдағы бір-екі күнде шешіледі деп ойлаймын, – деді Серік Жұманғарин.

Басқа материалдар

Back to top button