Жаңалықтар

Жолдағы тексеріс күшейтілді

Облыста «Автобус» республикалық жедел-алдын алу шарасы өтті, – деп хабарлдайды Ortalyq.kz  облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-патрульдік полицейлер және Қарағанды ІІБ әкімшілік полиция қызметкерлерінің ұйымдастырған рейдтері барысында автобустардың техникалық жағдайы мен құрылғыларының заңдылығына баса назар аударылды. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің, оның ішінде, такси көліктерінің жол жүру ережелерін сақтауларын қадағалау үдетілді. Полицейлерге сыртқы бақылау камераларын пайдаланатын жедел басқару орталығының қызметкерлері де көмек көрсетті. Сондай-ақ, көліктік бақылау инспекциясы, облыс әкімдігі және мемлекеттік кіріс басқармасы өкілдерімен бірлескен рейдтер де ұйымдастырылды.

Жедел алын алу шарасы барысында Қарағанды ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері автопарктерде қызметкерлермен әңгіме жүргізіп, кездесулерде жолаушыларды тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы сөз қозғалды.

Жыл басынан бері Қарағандыда жолаушы тасымалдау көліктерінің қатысуымен 14 жолкөлік апаты орын алған. Оның он бірінде апатқа автобус жүргізушілері кінәлі ретінде танылған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button