Спорт
Жерлесіміз жеңіс тұғырында
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңдерінде тарихи нәтиже көрсетті.
2-4 ақпан Квебекте (Канада) ересектер арасында өткен әлем кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте бақ сынап, еліміздің тарихында тұңғыш рет қола жүлдеге қол жеткізді.
Команда құрамында жерлесіміз, қарағандылық тәжірибелі спортшы Екатерина Айдова, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Алина Дауранова және жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының чемпионы Инесса Шумекова өнер көрсетті. Бұл құраммен алғаш рет жарыс алаңына шыққан спортшыларымыз 1:29.16 нәтижесін тіркеп үшінші орынға жайғасты.
Нидерланды құрамасы чемпион атанса, Польша командасы күміс жүлдеге қол жеткізді.
Әділет ШОПЕН.