Жаңалықтар

Жер – ел байлығы

         Жер – ел байлығы. Бұл ретте облыстың жер қатынастары басқармасы қоғам және мемлекет мүддесіне сәйкес, жердің дұрыс пайдаланылуын, құнарлы әлеуетін сақтау, оның ресурстарының тиімділікпен ұқсатылуын жүзеге асыру бағытында жұмыс жасайды.

Бүгінде облыстың жер көлемі 42 млн. 798 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер есепті жылы 14 млн. 584,5 мың гектарды құрады және 2016 жылмен салыстырғанда 563 мың гектарға ұлғайды.

Есепті кезеңде пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге 813,8 гектар жер бөлінді. Бюджетке ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу мөлшері 36 млн 443 мың теңгені құрады.

2016-2020 жылдарға арналған Қарағанды облысының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша Жезқазған мен Сәтбаев қалалары мен аудандары әкімдіктерімен бірлесіп, жер қатынастары басқармасы қосалқы жер учаскелерін және ауыл шаруашылығы айналымындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған, суармалы жерлерді тарту жоспары әзірленді.

2017 жылы облыста ауыл шаруашылығы айналымына 500 мың га қамтамасыз етілмеген егістік алқапқа, оның ішінде, 18,9 мың гектар егістік алқапқа тарту жоспарланған. Нақты, 2017 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 771,2 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабы, оның ішінде, 43,3 мың гектар егістік жер тартылды. Ауыл шаруашылығы алқаптарын айналымға тарту бойынша жоспардың 154,2 пайызын, егістік жерлері 229 пайызын құрады.

Ақтоғай, Жаңаарқа және Қарқаралы аудандарының әкімдіктері ауыл шаруашылығы жерлері айналымын тартуға белсене қатысты. Онда жоспардың орындалуы 150 пайызды құрады.

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі тапсырмасын және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов бекіткен 2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 6 наурыздан бастап 2017-2019 жылдар аралығында облыстардың әкімдіктеріне қолда бар жер қорына талдау жүргізу тапсырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын және облыстық деңгейде іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қолданыстағы жер қорын талдау жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды. Осындай жұмыс топтары аудандар мен қалалар деңгейінде құрылды.

Жер ревизиясының кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес, аудандар мен қалалар әкімдіктері 2017 жылғы 1 сәуірде ревизия жүргізуге кірісті. Жер ревизиясы барлық санаттар бойынша камералдық жағдайда, жергілікті жерлерге бармастан және жерді тексерместен, мемлекттік жер кадастры және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі АЖМ МЖК) мәліметтері  және құқықтық кадастр, жер баланстары, жерілікті атқарушы органдардың  жер беру және алып қою жөніндегі  материалдары, сот шешімдері, бұрынғы өткізілген түгендеу материалдары мен өзге де материалдар негізінде жүргізіледі.

Жер ревизиясының мақсаты – жердің, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың нақты сандық есебін алуды, жер баланстары деректерінің нақты деректерге сәйкес келтіруді, сонымен қатар, жер ревизиясының қорытындысы бойынша құқық белгілейтін құжаттар негізінде  АЖМ МЖК деректері базасының өзектілігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Жер ревизиясының негізгі міндеттері:

– жердің бар-жоғы және санаттар, алқаптар, меншік иелері мен жер пайдаланушылар бойынша бөлінуі туралы деректердің өзектілігін арттыру;

– аудандардың, облыстардың аумағынан тысқары пайдаланылатын жерлердің әкімшілік шекараларын реттеу мақсатында оларға талдау жүргізу;

– ауыл тұрғындарының жеке малын ұстау жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мүмкіндігін анықтау үшін ауылдық елді мекендердің маңайындағы және олардың шегіндегі жайылымдар алқаптарын талдау.

2017 жылы бекітілген кестеге сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша  және ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану жұмыстары аяқталды және елді мекендердің жерлеріне ревизия жүргізу жұмыстары басталды.

2018 жылдың бірінші жартысында елді мекендердің жерлеріне ревизия жұмыстарын толығымен аяқтау және өндірістік, көліктік, байланыс және басқа да ауылшаруашылығы емес жерлеріне  ревизияны бастау жоспарлануда.

2019 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, орман қорында, су қорында және босалқы жерлерде дайындық және камералдық жұмыстар жүргізіледі.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 2017 жылғы 31 қаңтарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің басымдықты салаларын дамыту картасын әзірледі. АӨК басым секторларын дамытудың негізгі бағыттарының бірі – егістік жерлерді айналымға тарту. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жерге орналастыру жөніндегі комитеті егістік жерлерді айналымға тарту бойынша жол картасын әзірледі.

Жол картасының  талаптарын орындау мақсатында, басқарма 1991 жылдан бастап егістік жерлерді қысқарту туралы талдау жүргізді. Жер санаттары мен алқаптарын анықтау бойынша, осы жерлерді қайда ауыстырылғаны туралы жұмыс жүргізілді.

ЖКжЖМТТД- Қарағанды облысы бойынша филиалымен бірлесіп, егістік жерлерді басқа жерлерге және санаттарға ауыстырудың орындылығы анықталды.

Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірге осы жерлердің экономикалық тиімділігі трансформациядан бұрын және кейін анықталған, айналымға тартылған жерлерде өсіруге жоспарланған егістіктер тізімі жасалды.

Басқарма қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, 2017-2020 жылдарға арналған қосалқы жерлерден тыңайған жерлерді тарту жоспарларын әзірледі, аудандар кескінінде картографиялық материалдардағы аудандар көрсетілді.

Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов бекіткен 2017 жылға арналған жерді реформалау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарының жоспарын орындау мақсатында 2016 жылдың 5 қазанында облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктері Қазақстан Республикасының жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша топтар құрды, түсіндіру жұмыстарын жүргізудің желілік кестесін әзірледі.

Жоғарыда айтылған жоспарға сәйкес, жер қатынастары басқармасы 2017 жылдың 20 сәуірінде және 24 тамызында Қарағанды облысының Орталық коммуникациялар қызметінде «Жер реформасын түсіндіру» және «Қарағанды облысындағы жерлерінің ревизиясы туралы» брифингтер өткізілді.

Бұдан басқа, есепті жылы облыстың қалалары мен аудандарының жұмыс топтары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, шағын және орта бизнестің өкілдерімен, тұрғындармен жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша 282 кездесу өткізді.

2017-2019 жылдарға арналған Қарағанды облысында бизнесті жүргізу және отбасылық бизнесті қоса алғанда, кәсіпкерлікке жағдай жасауды жақсартудың толық егжей-тегжейлі жоспарына сай, қалалар мен аудандардың әкімдерінің ресми сайттарында «Іскерлік ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту» жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасы облыстың аудандарында картографиялық материалдарда олардың орналасқан жерін көрсетіп, бизнесті жүргізу үшін еркін жер учаскелерінің тізімдері орналасқан.

2018 жылы жер қатынастары басқармасына мынадай міндеттер қойылады:

– Қарағанды облысы аумақтарының 2016-2020 жылдарға арналған дамыту бағдарламасына сәйкес мақсатты индикаторға қол жеткізу, ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлердің үлесін 2,1% -ға арттыру;

– ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовпен бекітілген 2017-2021 жылдарға жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 6 наурыздан бастап 2018 жылға дейін елді мекендер мен өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлердің жерлеріне ревизия жүргізу;

– желілік кестеге сәйкес, 2018 жылы ҚР Жер заңнамасының қолданыстағы нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастыру, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне жоспарлы өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

– облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың негізінде Қарағанды облысының жердегі балансын құруды қамтамасыз ету.

 

А.ШАЛМАҒАНБЕТОВ,

Қарағанды облысының жер

қатынастары басқармасының

басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button