Шет

Әжемнің баласымын

Әр қазақ отбасындағы орны ерекше әрі қадірлі жан – әже. Ол отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы жан, артынан ерген немере, жиендердің тәрбиешісі әрі ақылшысы. Қазақ халқында жас отау өздерінің тұңғыш баласын әжелерге береді. Мен де әжемнің баласымын.

Мен әжемді жақсы көремін. Себебі, әжем мен үшін ештеңесін аямайды, ұйықтарда ертегі оқып, ақылын айтады. “Жүрген ортаңды, үлкендерді сыйла, кішілерге қамқор бол” дейді. Бар тәттісін аузыма тосады. Алыс кетсем ақ әжемді қатты сағынамын және сағыныштан өлең жолдарын арнаймын.

Балам, балам деп маған,

Бар тәттісін жегізген.

Еркелетіп қашанда,

Арқасына мінгізген.

Үлкейгенде ақ әжем,

Сізді арқама сап алып,

Бар әлемді көрсетем.

Мәншүк САЛТАНАТ.

Ю.Гагарин атындағы

мектеп-лицейінің

4 «Г» сынып оқушысы.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button