Бас тақырып

Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және жаңа жылға қосымша пойыздарды іске қосады.

Сурет ҚТЖ

Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша жүреді

№ 201/202 Астана – Алматы пойызы:

– Астанадан осы жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанында, сондай-ақ, 2025 жылдың 1 және 4 қаңтарында;
– Алматыдан 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанында, сондай-ақ, 2025 жылдың 2 және 5 қаңтарында.

№ 203/204 Астана – Шымкент пойызы:

– Астанадан 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан, сондай-ақ, 2025 жылғы 1 және 4 қаңтар;
– Шымкенттен 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.

№ 205/206 Ақтөбе – Астана пойызы:

– Ақтөбеден ағымдағы жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, сондай-ақ, 2025 жылғы 1 және 4 қаңтар;
– Астанадан 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 3, 6 қаңтарда аттанады.

2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап электр пойыздарының қосымша рейстері іске қосылады:

– № 7553/6811-6812/7556 Қарағанды – Астана – Бурабай шипажайы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды;
– № 7509/6805 – 6806/7510 Павлодар – Астана – Бурабай шипажайы – жұма және жексенбі күндері.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button