Басты тақырыпСпорт

Жекпе-жекке санаулы күн қалды

    Еске салайық, ГОЛОВКИН – ДЖЕЙКОБС жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктің «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Қазақстандық телеарналар айқасты тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек жақындаған сайын жерлесіміз жайлы жаңалыққа құлағымыз түрік. Кешегі күні бір ғасырлық тарихы бар танымал басылым «Boxing News» журналының мұқабасына сайыпқыранның суреті басылды. Журналдың бұл саны Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобстың арасындағы кездесуге арналған. Бір айта кетері, Генаның суреті басылып шыққан бойда «Boxing News» журналына оқырман сұранысы артқан.

Сонымен қатар, аргентиналық зергер Адриан Пальярольс тапсырысы бойынша Дүниежүзілік бокс кеңесінің тапсырысымен (WBC) арнайы белбеуді алдағы жекпе-жекке әзірлеген.

Белбеуді әзірлеуде бейбітшілік бағдарламасын насихаттауға баса назар аударылған. Яғни, әлем жұртшылығын әлеуметтік және мәдени тұрғыда байланыстыра отырып, бокс құндылықтарына да жіті көңіл бөлінген. Бұрын осы бағдарламаға футболшылар – Лионель Месси, Джанлуиджи Буффон, Хавьер Маскерано және Карлос Вальдеррама, теннисші Хуан Мартин Дель Петро сияқты мықтылар қатысқан.

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің болжамынша, егер, Дэниел Джейкобс айқаста қорғаныс тактикасын қолданбаса, айтулы бәсеке мерзімінен бұрын аяқталады. Жаттықтырушы тәлімгерінің мықтылығына сенімді.

«Оның екі қолының да соққысы күшті, егер, қорғанысын түсіріп алса, онда Головкиннің соққысы даруы мүмкін. Дарыса, оған ауыр тиеді. Сондықтан, ол айқасқа бар ынта-жігерімен кірісіп, жұдырықтасу барысында жақсы әрекеттер жасаса, жекпе-жек тез аяқталады», – дейді Абель Санчес.

Генаның өнеріне тамсанып, таңдай қақпаған адам кемде-кем. Бүгінгі күнге дейін намысты қолдан бермеді, жолдан жығылмады. Шынында да құбылыс!

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button