Бас тақырыпРесми

Жеделсаты іске қосылды

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қазан айында аймақ қалаларындағы жүзден астам лифтіні жөндеу туралы тапсырма берген еді. Осы тапсырма негізінде, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қарағандыдағы «Восток-3» ықшамауданы 20 үйде жеделсаты іске қосылды. Ықшамаудандағы 21 үйдегі лифт құрылысы аяқталуға жақын. Бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған жеделсатылардың жұмыс істей бастауы тұрғындар үшін күтпеген жаңалық болды.

Салтанатты рәсімге арнайы келген облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке қала әкімі Нұрлан Әубәкіров жөндеу жұмыстарының картасы бойынша атқарылған және алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс міндеттерді баяндады. Содан кейін жөндеу жұмысы аяқталған су жаңа жеделсатыны аймақ басшысы іске қосып, өзі де сол арқылы жоғары көтеріліп, бар жағдаймен танысып шықты.

  • Біз Қарағанды қаласы бойынша 4 жеделсатының құрылысымен айналысудамыз. Соның екеуі – Майқұдықта. Біреуі – бүгін жұмысын бастады. Толығымен жаңадан орнатылып жатқан беларуссиялық жеделсатыларға 3 жыл кепілдік беріледі. Осы уақыт аралығында лифт жұмысынан ақау табылса, оны шешу біздің мойнымызда. Ал, 3 жылдан кейін, келісім-шарт бойынша тұрғындардың қаржысына қызмет көрсетеміз. 7 жасқа толмаған балаларға лифтте жалғыз жүруге рұқсат жоқ. Сонымен қатар, лифтте секіріп, алысып ойнауға болмайды, – дейді «Қарағандылифт» ЖШС дииректор Олег Якубовский.

Жеделсаты орнатылған үйдің әр тұрғынына арнайы тетікше орнатылған құрылғы берілген. Яғни, бөгде адамдар жеделсаты қызметін пайдалана алмайды.

Сала мамандарының айтуынша, 2011-2019 жылдар аралығында облыс бойынша 102 лифт пайдалануға берілген. Мынау – 103-шісі. Негізінен, орнатылған жеделсатылардың көбісі «Могилёвлифтмаш» АОҚ өнімі. Жұмыс істеп тұрған 1300-ден астам лифтінің 875-і өзінің 25 жылдық жұмыс істеу мерзімін өтеген. Істен шыққаны – 361. Биылға 10 лифт, ал, келесі жылға 100 лифтіні іске қосу жоспарланған. Алдағы 3 жылда барлық тоқтап тұрған лифтілерді іске қосу көзделіпті. Мерзімі өткен лифттерді жөндеу мәселесін шешу мақсатында облыс әкімдікпен республикалық «Қазақстандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ меморандумға қол қойылған. Алғашқы жарналарына аталған жеделсатылар жөнделуде. Бұл – еліміздегі кең ауқымдағы алғашқы пилоттық жоба. Келісім-шарт негізінде жұмысқа жауапты – «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС. Елімізде Қарағанды облысы алғаш болып осы бағдарламаны қолға алып отыр.

Құны – 8 млн. теңге болатын жеделсатыға берілген несиені тұрғындар өтейді. Ол үшін әр подьезге жауапты бірнеше адаммен келісім-шарт жасаймыз. 8 жылға несие рәсімделеді. Орнатылғаннан кейін ай сайын пәтердің аумағына байланысты 3-5 мың теңге аралығында. Бірінші қабаттан бастап барлық пәтер иелері төлеуі тиіс. Ай сайын түбіртек әкеліп отырамыз. Төлеуден бас тарқан пәтер иелерімен заңгерлер айналысып, мәселені сот арқылы шешсе, жағдайы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі, – дейді Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының директоры Данияр Дүйсенбаев.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button