Басты тақырыпОблыс әкімі

Жауыртау жаурамайды

    Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ қыс мерзімінде нашар жұмыс істеген Теміртаудағы ЖЭО-2 кәсіпорнында болды. Аймақ басшысы жылыту маусымының қорытындысын шығарып, қателерді қайталамауға шақырды.

«Жағдаймен танысып, қандай перспектива барын көру үшін ЖЭО-ға әдейі келдім. Бұл біздің үлкен жұмысымыздың басы болады», – деді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі станцияны аралап, кеңес өткізді. ЖЭО-дағы қазіргі жағдай мен 2017 жылға арналған жөндеу жоспарлары туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндіріс бойынша директоры Вадим Басин баяндады.

Биылғы жылыту маусымындағы 176 күннің 105-інде станция толыққанды жұмыс істей алмады. Жабдықтарда бірінің соңынан бірі апаттар орын алды. Теміртаулықтардың пәтерлері суық. Жылу энергиясы тапшы – бұл үлкен мәселе.

«Қазандық жабдықтары әлдеқайда сапалы және көлемді жөндеуді қажет ететінін мойындаймыз. Бірақ, Теміртауда жылу тапшылығын бір ғана жөндеу жұмыстарымен шешу мүмкін емес. Станцияны жаңғырту қажет. 2017 жылға арналған жөндеу жұмыстарының бағдарламасы бекітілді, – деп атап өтті Вадим Басин.

Келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстарына 2,1 млрд. теңге қарастырылған. Үш қазандық пен бір турбогенератор жөнделмек. 

ЖЭО-2 тиімді басқару үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Орталық Азия Электрэнергетика корпорациясы» АҚ қатысуымен бірлескен кәсіпорын құрылады. Бұл жылу энергиясы орталықтарын жаңғыртуға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. 

Бірлескен кәсіпорынды 1 сәуірге дейін құру жоспарланған болатын. Бірақ, уақыт тым аз. 

«Бүгінде барлық техникалық мәселелер шешілді. Экономикалық блок, қаржылық моделі талқылануда», – дейді Вадим Басин. Оның айтуынша, тағы бірнеше ай қажет. 

Облыс әкімі мәселелерді шешуді тездету үшін ОАЭК басшылығымен кездесетінін жеткізді. 

Мен өткен жылы орын алған жағдайды пысықтадым. Дайындық жұмыстарына қаржы бөлінген. Бірақ, жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмай, созып жібергендіктен қысқа дайындықсыз кірген. Бұл жылумен жабдықтауға әсерін тигізді, – деді Ерлан Қошанов. – Бұл қатеден сабақ алып, қорытынды жасауымыз керек. Меніңше, «АрселорМиттал Теміртау» істі соңына дейін жеткізбеген. Акционерлер ақша бөлген, ал сіздер жұмыстарды нашар орындағансыздар.

Аймақ басшысы Теміртауды жылумен жабдықтауды жақсартуды басты міндет деп атады. 

ЖЭО-2 күнделікті бақылауыма аламын. Бұл – қазіргі ең өзекті мәселе , – деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button