Шет

Жауынгерлер құрметтелді

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 28 жыл толуына орай, аудан әкімдігінде ардагерлермен кездесу өтті. Оған интернационалист-жауынгерлермен қатар, еңбек ардагерлері, жастар мен мектептердің әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары қатысты. Жиылғандарды аудан әкімі М.Жандәулетов құттықтап, ауған соғысының ардагерлеріне бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын тапсырды. Сондай-ақ, тыл және еңбек ардагерлері атынан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Сейілбеков, ауданның қорғаныс істер бөлімінің басшысы Ш.Сарыбаев сөз сөйлеп ауған қаһармандарына жүрек жарды тілектерін білдірді. Сонымен қатар, Ауғанстан соғысының ардагері, Ақжал кенті «NOVA-ЦИНК» серіктестігінің жұмыскері Төлеуғазы Әлібеков аудан басшыларына, жиналған жұртшылыққа алғыстарын айтты.

Енді 2 жылда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, аудан орталығында Ауғанстан соғысы ерлеріне арнап жеке обелиск ашылса деді, – Төлеуғазы Әлібеков.

Сондай-ақ, Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, ардагерлер естелікке суретке түсті. Осы күні Ауғанстан соғысының ардагері, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған мемориалдық ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Ауданның әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ауған ардагерлерінің әрқайсысының шотына сыйақылар аударды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button