Қарағанды

Жауынгерлер мықтылық танытты

   Астана өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімі жауынгер­лік әзірлігін пысықтады.

Қолбасшылықтың жауынгерлік дайындығының ағымдағы тексерісі жоғары деңгейде өтті. Жедел тапсырма алған бөлімшелер де оқу-жаттығулардың күрделі сынақтарынан сынға түсті. Жауынгерлік сапындағы жігіттердің көтерген жүгі жеңіл болмады. Төтенше жағдайларды жою кезінде ептілік танытып, кәсіби жауынгерлік және дене даярлығының негізгі нормативтерінде күш-қуатымен көзге түсті. Сонымен қатар, жауынгерлік ұрыс барысында айла-тәсілдер мен қолданылатын шараларды еш қиындықсыз орындады. Атап айтқанда, әскери ұрыстардың сипатын өзгерту, заманауи үлгідегі техникаларды қолдану және қару-жарақ пен қарсыластарға шабуыл жасауда шеберліктерін көрсетті. Қазақ жауынгерінің қандай да қиындақтарда жол таба білетін ептілігі сынақ кезінде байқалды.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button