Ресми

Жастарды жігерлендірген жүздесу

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтың жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Бейресми кездесуде жаңа буынның мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан алынды

– Сіздер үшін жұмыстың негізгі қағидаттары – өзін-өзі тәр­биелеу, адалдық, ашықтық. Өмір­леріңізді жұмысқа және азаматтардың мәселелерін шешуге сарп ету арқылы жетістікке жетіп, мансап құра аласыздар. Әртүрлі сыннан сабақ алып, тұжырымдар жасау керек, – деді облыс әкімі.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында өткен кездесуде жастар бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға азаматтардың сенімін арттыруға қатысты тақырыптар қозғалды.

– Мен қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының модульдеріне смета құрастыру және жобалау сияқты тақырыптар қосуды ұсындым. Егер біз сметалар мен жобалық құжаттаманы түсінетін болсақ, қандай да бір мемлекеттік сатып алулар бойынша қызмет көрсетушілердің жұ­мысын мұқият қадағалай аламыз, – деп атап өтті Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының жоспарлау және абаттандыру бөлімінің бас маманы Ұлықбек Жасұзақов.

Кездесуде Шахтинск қаласының мемлекеттік кірістер басқармасында өндіріп алу бөлімінің бас маманы Эльмира Мұқанова қайта даярлау курстары өміріндегі жаңа кезең болғанын айтты.

– Облыс әкімінің аймақ жастарымен кездесіп, сұрақтарына жауап беруге, ойымен бөлісуге уақыт бөлгені қуантады. Біз үшін үлгі, биікке ұмтылар жаңа белес, – деді Эльмира Мұқанова.

Айта кеткен жөн, биыл Мемлекеттік басқару академиясы 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Жыл сайын академияның облыстық филиалының қабырғасында түрлі модульдер бойынша 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметші оқиды.

Қазіргі таңда филиалда жас мем­лекеттік қызметшілер қатарынан 30-ға жуық тыңдаушы үш апталық қайта даярлау курстарынан өтуде. Оқытушылар оларды заңнамалық базамен, мемлекеттік қызмет жұмысының тетіктерімен таныстырады. Сондай-ақ, халық­пен қарым-қатынас жасауға және оның мүдделерін қорғауға үйретеді.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button