Жаңалықтар

Жастар – елімнің ертеңі

      Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – елдің дамуы мен алға қарай өрлеуіне негіз болатын бірден-бір көпір іспеттес. Жастарға дұрыс бағыт беретін мақалада «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» делінген. Сол үшін біз алдымызға мақсат қойып, санамызды жаңғыртуымыз керек. Біздің Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттері бұл жолда саналы, қоғамға пайдалы қызмет ету керектігін жақсы біледі.

Болашақ ел қамын ойлаушы жас ұрпақтан күтілетін басты міндеттің бірі – үш тілді меңгеру. «Өз тілің –бірлік үшін, өзге тіл– тірлік үшін» деп сірә бекер айтылмаған. Бұл ретте, қазіргі әлем тіліне айналған ағылшын тілін мектеп кезінен үйреніп, меңгереміз. Шет тілі болашақта жаңа ақпараттар мен технологиялар, өзге елдермен қарым-қатынас жүргізу үшін қажет. Қай ел болмасын ағылшын тілін білуге ұмтылады. Бұл жолда Елбасы елінің дамуы жолында аса маңызды тың идеялармен бөлісіп отыратын халқының жастарына сенетінін айтады.

Айдана БАЛЫҚБАЕВА,

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуминитарлы-техникалық колледжінің студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button