Жастар – елдің тірегі
Бүгінде жас ұрпақ – Қазақстанның берік тірегі деп сеніммен айтуға болады. Жастар жылы аяқталуға жақын қалғанымен, елімізде және облысымызда болып жатқан дамулар тек бір жылға байланысты емес. Біз осы қарқынмен жұмыс істеуді жалғастыра береміз және елімізді қуатты, озық етеміз. Ал, ол үшін жастар энергиясы қажет.
Облыс халқының бесінші бөлігін 1429 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл үлкен адами әлеует, оның сапалы сипаттамаларына өңірдің тұрақты дамуы тәуелді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар негізінде құрылады.
Жастар жылының міндеті – жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай жасау, маңызды және өзекті мәселелерді шешу, одан әрі даму үшін іргетас қалыптастыру.
Облыста 19 жастар ресурстық орталығы (ЖРО) жұмыс істейді, олардың қыз меті психологиялық, заңгерлік көмек көрсетуге, жастардың бастамаларын қолдауға, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, іс-шараларды ұйымдастыруға, ақпараттық жария етуге, жастар саясатын іске асыру мәселелеріндегі қажеттіліктерге талдау жүргізуге бағытталған.
2013 жылдан бастап облыстық ЖРОда балалар үйінің түлектерін әлеуметтік бе йімдеу қызметі жұмыс жасайды. 2019 жыл дың басынан 107 заң, 53 психологиялық және 54 ақпараттық кеңес көрсетілді.
Жетім балалар мен ата-анасының қам қорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2017-2019 жылдарға арналған Кешенді жос парға сәйкес облыс бойынша 82 пәтер бөлу жоспарланған. Бүгінгі күні 45 пәтер берілді (жоспардың 54,8%).
Тұрғын үй қатынастары саласында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше кө ңіл бөлінді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», Қазақстандық ипотекалық ком пания (ҚИК) өкілдерімен «7-20-25» жо басын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша шамамен 3500 адамның қатысуымен 100-ден аса кездесу өткізілді.
Жастар саясаты жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің белсенді қатысуымен іске асырылады. Бүгінгі таңда облыс аймағында 87 жастар ҮЕҰ ресми түрде тіркелген, олар қазақстандық патриотизмнің принциптерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жас кәсіпкерлерді қолдау және тағы басқа бағыттарда жұмыс жасайды. «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы», «Жас ұлан», «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты, «Жарқын болашақ», «Қарағанды облысының Жастар одағы», «Теміртау жас тар клубы», «Болашақ үшін», «Жас Орда», тағы басқалары белсенді қызмет атқарады.
Қарағанды облысы республиканың ең ірі индустриялық орталығы, оның экономикалық тірегі саналады. Бұған экономиканың стратегиялық маңызды салалары үшін мамандар даярлайтын жоғарғы оқу орындарының қосқан үлесі баға жетпес. Облыстың 9 жоғарғы оқу орындарында 44 мыңнан астам студент білім алуда, оның 28,5 мыңы күндізгі бөлімде. Сондықтан, жоғарғы оқу орындарын бітірушілердің сұранысқа ие болуы және оларды мамандықтар бойынша жұмысқа орналастыру маңызды рөл атқарады.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен және жұртшылықпен бірлесе отырып, «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асыру жалғастырылуда. Аталмыш жоба жоғарғы оқу орындары мен ТжКБ түлектері үшін облыстың жетекші ұйымдарында тағылымдамадан мансабын бастау мүмкіндігін құруға бағытталған. Жобаның түпкі мақсаты – кәсіби дайындықтан сәтті өткен жағдайда түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру.
«Soft Skills» деп аталатын өмірлік маңызды және икемді дағдыларды дамыту үшін жоғары оқу орны жанында «Enactus» клубтары қызмет атқарады. Басты мақсат – жаңа білім алуға, ой-өрісін кеңейтуге, іскерлікті меңгеруге деген қы зығушылықты қалыптастыру. Облыстың коворкинг-орталықтары базасында қиын өмірлік жағдайға тап болған студент жастар мен жастарға арналған оқыту семинарлары өткізіледі. Бұл дағдылар жастарға техникалық ілгерілеу және серпінді өзгермелі бизнес орта жағдайында сұранысқа ие болуға көмек береді.
Еңбек нарығындағы жағдайды тұ рақ тандыру және жастар арасындағы жұмыс сыздық деңгейін төмендету мақсатында шамамен 10 мың жас 2017-2021 жыл дарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушылар құра мына енгізілді, оның ішінде 9500 адам жұмысқа орналастырылды, 870 адам жас тар тәжірибесіне жіберілді, 330 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
Облыс өңірлерінде 11 жұмыспен қамту пункті және жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдем көрсету бойынша 13 мобильді пункт жұмыс істейді. Жыл басынан 3700 адам жұмысқа орналастыру орындарына жүгінді, оның ішінде – 1215-і жастар. Оның 270 адам жұмысқа орналас тырылды, 576-сы – қысқа мерзімді оқыту курс тарына жіберілді, 2842 адам кеңес алды.
Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында облыс бойынша «Жас кәсіпкер» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Жоба аясында 200 АЕК (505 мың теңге) сомасына 500 грант бөлінді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 27 млн. теңге сомасында қайтарымсыз гранттар қарастырылған. «Еңбек» бағдарламасына сәйкес ауыл тұрғындары үшін 7 жылға 6%-дан әртүрлі бағыттар бойынша несие беру қарастырылған.
Облыстың мектептері мен колледждерінде «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері» курстары ашылды, бизнес-инкубаторлар құрылды. Облыс колледждерінде «ІТ-технология негіздері», «Колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» курстары енгізілген. 26 бизнес-мектеп жұмыс істейді. Студенттік конструкторлық бюро құрылды.
Жастар «Жасыл ел» қозғалысына белсенді қатысады. Ағымдағы жылы 2 мың адам қамтылды (2018 жылы – 1505). «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында 2019 жылы ауылдық аудандарға басым мамандықтар бойынша 128 жас маман келді.
Облыс бойынша жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалануды түсіндіру бойынша 32 ақпараттық топтық жұмысы ұйымдастырылды. Олармен 28 мыңнан астам адам қамтылған. 420 кездесу өткізілді. Танымал әлеуметтік желілерде қолданыстағы бағдарламалар мен жобалар туралы бейнероликтер орналастырылған. Бүгінгі таңда аталмыш бейнероликтер 142 мың қаралым жинаған.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Jastar u’shin» облыстық жастар қозғалысы бастау алды. Жыл соңына дейін қозғалыс өкілдері облыстың барлық аймақтарына барып, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесулер ұйымдастырады, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтеді және атаулы көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда керуен 20-дан астам ауылдық округ пен 5 қаланы аралап, 6 мыңнан астам адам қамтылды.
Жыл сайын еріктілердің еңбегі аса ма ңызды болып келеді. Біздің облыста сту дент және оқушы жастар арасынан 5 мың адамды қамтитын 89 еріктілер топтары қызмет атқарады. Олар: әлеуметтік, спорттық, экологиялық еріктілік, мәдениет саласындағы еріктілік, жануарларды қорғауға байланысты салалар бойынша жұмыс істейді. Мәселен, қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін республикалық еріктілер тобының құрамында Қарағандыдан Арыс қаласына 10 адам кетті. Сондай-ақ, апта сайын кестеге сәйкес волонтерлік топтарға барлық балалар үйлері мен түрлі медициналық-әлеуметтік мекемелерге барады.
«VolteQ» еріктілер корпусы құрылып, жұмыс атқаруда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяудағы жылдарға арналған еріктілерді дайындау бойынша аймақтық бағдарлама әзірленуде.
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозға лысы дамып келеді. Облыста 1300-ден астам адам қатысатын 63 әскери-патриоттық клуб бар. Жыл сайын үздік клубтары «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысады.
Ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында облыста 75 этномәдени бірлестік жұ мыс жасайды, оның ішінде, 24 облыстық, 51 қалалық және аудандық. Этномәдени бірлестіктердің 100-ден астам шы ғармашылық ұжымдары қызмет атқарады, олар облыстық және республикалық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысады. Достық үйінде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының кеңсесі орналасқан.
Облыс жастарының пікірін зерттеу үшін басқарма жыл сайын өзекті тақырыптар бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Мысалы, біздің өңірдің жастары үшін сыбайлас жемқорлыққа, жұмыссыздыққа және кедейлікке байланысты әлеуметтік-маңызды мәселелер өткір күй інде қалып отыр. Дегенмен, жастардың 89,2%-ы облыстағы саяси жағдайды қолайлы деп бағалайды және оған қатыс ты өңірлік саясатқа оң баға береді, өз Отанын жақсы көреді және 93% өзін патриот санайды.
Осы жылдың тамыз айында Ұлытау ауданында ауыл жастарының халықаралық форумы – маңызды іс-шара өткізілді. Оған ТМД елдері мен республика облыстарының ауыл жастары қатысты. Мұнда ауыл жастарының даму мәселелері көтеріліп, тәжірибе алмасып, мәселелерді шешудің бірегей идеялары мен тиімді тетіктері ұсынылды. Форум аясында ауылдағы жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін облыс әкімінің гранттары табысталды.
Осылайша, Жастар жылы атаулы және ақпараттық жұмысты, құқықтық жә не психологиялық көмек көрсетуді, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді, бос уақытты сапалы ұйымдастыруды көздейтін әлеуметтік маңызды жобалар әзір леніп, іске асырылуда. Қазіргі таңда жастар жылын ұйымдастыру және өткізу бойынша кеңейтілген іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда, онда 160-тан астам жоба мен іс-шаралар жоспарланған. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ,
Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы.