Референдум

Жастар белсенділігі жоғары

Қарағандыдағы Әлихан Ермеков атындағы мектеп-лицейде орналасқан №789 референдум учаскесінде ертелетіп дауыс берушілердің дені – жастар. Комиссия төрағасы Жанат БЕРЛІБЕКОВТЫҢ айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс беремін деушілердің көңіл-күйлері көтеріңкі. Учаске ашылғанына небары бір сағат уақыт өткенде, жүзге тарта адам келіп, өз таңдауын жасап үлгерген.

 

Жанат Мәдениетұлы аталған учаскеде тіркелген 2250 тарта дауыс берушінің басым бөлігі келеді деген ойда.
Таңғы сағат алтыда – учаске ашылмай тұрып 8 адам келгенін көрдік. Шыны керек, бұл уақытқа дейін ең алғашқылардың қатарында үлкендер келіп, дауыс беріп келсе, осы референдумда жастардың белсенділігі жоғары. Жастардың ел болашағы үшін алаңдаушылық танытқандарына қуандық, – дейді Жанат Мәдениетұлы.
Бақылаушылар аталған референдум учаскесінде ешқандай заңбұзушылықтың байқалмағанын айтады.
Бүгін әр қазақстандықтың дауысы маңызды. Мен де осы елдің азаматы ретінде дауысымды бердім және бақылаушы ретінде референдумның әділ өтуіне өз үлесімді қосудамын. Дауыс берушілер қарасы қалың, – дейді бақылаушы Ақерке Оралова.
Ерлан Есин есімді қала тұрғыны №789 учаскеге ертемен келіп, таңдауын жасады. «Мен Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты дауысымды бердім. Еліміз үшін әрқайсымыздың дауысымыз маңызды», – дейді ол.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button