Білім

Жас маманды жатырқауға болмайды

Мамандықтың тізгінін енді ұстаған жас маманға оң мен солын танытып, бағыт-бағдар беру – аса жауапты іс. Осы мақсатта Қарағандыда жүзден аса білім беру қызметкерлерінің басын қосқан «Жас ұстаз – ұрпақтың рухани сәулеткері» атты жас педагогтер форумы өтті. Дәстүрге айналған форум биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Ауқымды жиында жас мамандар оқытудың жаңа әдістерімен танысты, кәсіптік даму бағыттары туралы талқылап, тәжірибе алмасты.

Суретті түсірген Еркебұлан ХАДЫЛБЕК

– Форумның мақсаты – жас педагогтерге көмек беру. Мұндай ауқымды шара жұмысқа енді ғана келген жас маманды қызықтыра білу үшін, ұстаздық жолға бейімдеу үшін және кәсіби өсуге көмек беру мақсатында ұйымдастырылады. Теория өз алдына, практиканың өзіндік қиындығы бар. Білім беру саласындағы мемлекет қамқорлығы туралы жастарды хабардар ету де – форумның басты мақсаты. Жалпы, бұл форумда барлығы бір-бірінен үйренеді. Жастар аға педагогтердің тәжірибесін алады, ал олар өз кезегінде оқытуда интерактивті платформаларды, жаңа технологияларды қолдануды үйретеді, – деді Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Гүлсім Мұқашева.

Форумның алғашқы бөлімі – талқылау алаңы Абай атындағы мектеп-гимназияда өтті. Мұнда мектепке дейінгі білім беру, бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт, техникалық және кәсіптік білім беру бағыттары бойынша секция жұмыс істеді. Білім берудің басым бағыттары бойынша қазақ және орыс тілінде 12 талқылау алаңы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жас педагогтердің қатысуымен 2 шеберлік сағаты өтті.

Форумның екінші бөлімі Достық үйінде жалғасты. Пленарлық отырыста облысқа танымал тұлғалардың қатысуымен білім берудің өзекті мәселелері талқыланып, оқытудың түрлі әдістемелері ұсынылды. Жиынға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов төрағалық етті.

– Тәжірибе алмасу – жас мамандардың жан-жақты дамуы үшін өте қажет дүние. Форумда жас мұғалімдер әріптестерінен шабыт алып, тәжірибелі мұғалімдерден оқыту әдістемесі мен әдістерін үйренгеніне сенімдімін. Сондай-ақ, мұндай кездесулер аға буын үшін де маңызды, – деп атап өтті Ербол Әліқұлов.

Аталған іс-шарада жас педагогке көмек ретінде методикалық ұсыным презентациясы көрсетілді. Мәселен, Топар кентіндегі «Айналайын» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі әріптестеріне мектепке дейінгі балаларды ертегілер көмегімен оқыту туралы ой бөлісті.

– Балабақшада жұмыс істегеніме биыл екінші жыл. Педагог болуды таңдауым кездейсоқ емес. Маған балалармен жұмыс істеу Тұрғын үй саласында да өткен жылы 8890 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 102 пайызға орындалды. Биылғы жоспарды бюждет қаржысына салынатын арендалық және жекеменшік құрылысы салынып тапсырылатын үйлерді қабылдау арқылы 9354 шаршы метрге орындау жоспарланып отыр. Ауданымыздың ұнайды. Сонымен қатар, барлық туысым білім беру саласында жұмыс істейді. Балалармен өткізетін барлық іс-шараларға ертегілерді кіріктіруге тырысамын, оларды сабақтан тыс жұмыстарға да қолданамын. Бұл әдіс балалар мен ересек топтарға өте ұнайды, олардың білімге деген қызығушылығын арттырады, – деп бөлісті Инна Сергеева.

Қарағанды қаласы Абай атындағы мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі Райымбек Кәкім ұстаздар өмір бойы білімін жетілдіруі керек деп санайды. Білім деңгейін үнемі арттырып, өзін-өзі жетілдірген маман оқушылардың құрметіне бөленетінін айтады.

– Қазір балалардың ойлау жүйесі өзгеше. Интернетте әртүрлі ақпараттар бар. Олар сол жерде қарапайым білім ала алады. Сабақта оқушылар қызығатын тақырыбына ден қоюы керек. Егер мұғалім оқушыларды баурап алса, онда бұл балалардың лайықты білім алуына оң әсерін тигізеді. Сапалы білім беру үшін біз өз білім деңгейімізді үнемі арттырып отыруымыз керек, – деді биолог.

Форумға қатысушылар өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру қағидаттарын және қазіргі білім берудің өзекті мәселелерін талқылады.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button