Білім ошақтарында

«Жас маман» жобасы – кәсіби даму негізі

Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде «Жас маман» жобасын іске асыру аясында Құзыреттілік орталығы ашылды. Колледж «Дәнекерлеу ісі» және «Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша жобаға қатысады.

Бүгінгі таңда колледжде жоба аясында 2 мамандық бойынша 255 студент білім алуда. Келесі оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 145 адамды қабылдау жоспарлануда.

Жобаны іске асыруға 264 119 000 млн.теңге бөлінді. «Жас маман» жобасы білім алушылардың бірегей кәсіби құзыреттерін дамытуға, оларды жаңа сапалы деңгейге көтеруге, тек қазақстандық қана емес, халықаралық нарықта да өзекті болып табылатын неғұрлым сұранысқа ие индустриялық және сервистік мамандықтар бойынша маман даярлау үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Жоба аясында «Тау-кен ісі» және «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттіліктері бойынша колледждің оқу кабинеттері, оқу зертханалары мен шеберханалары толық жабдықталған.

Жабдықтардың тізімі WorldSkills стандарттары негізінде және кәсіпкерлер Палатасының, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде қалыптастырылған.

Әлеуметтік серіктестер қатарынан жұмыс берушілер «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, Костенко атындағы шахтаның автоматика басшысы Сергей Лобачев, «WELDING COMPANI» ЖШС сату жөніндегі директоры Иван Телегин, «Аспап» ӨК директоры, қалалық мәслихат депутаты Төлеген Әшімов, «КЗМК-Имстальком» ЖШС кадрлар бөлімінің басшысы Дауыржан Кауанов шақырылды. Сондай-ақ, олар Қарағанды облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен бірге жаңа, заманауи жабдықтар таңдауға қатысты.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Back to top button