АймақЖаңаарқаРуханият

Жас ғалымдарға – ілтипат

Қарағандыда «Roboland – 2018» халықаралық фестивалі мәреге жетті. Оқушылардың ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын саралаған байқауға жаңаарқалық жеткіншектер де қатысқан-ды. Жақында аудан әкімі Юржан БЕКҚОЖИН аталған шарадан жүлдемен оралған оқушыларды арнайы қабылдап, құттықтады.

Қарағанды қаласындағы «Жас­тар» спорт кешенінде өткен дәс­түрлі «Roboland – 2018» робот техникаларының фестиваліне ел өңірлерімен қатар, шет елдерден 800-ге жуық команда қатысты. Бұл күні спорт кешенінің ішінде адамға қарағанда роботтардың саны едәуір көп болды. Мыңдаған құлтемір жасаушылар арасында Жаңаарқа ауданының құрамасы да болды.

Фестивальге аудандағы О.Жұмабеков, Б.Амалбеков, Ю.Гагарин атындағы және №132, Қызылжар, С.Сейфуллин, Ақтау, Жаңаарқа орта мектептерінен барлығы – 37 оқу­шыдан құралған құрама команда қатысты. Шығармашылық бел­сенділіктері мен инженерлік шеберліктерінің арқасында өзге­лерден ерекшеленіп, алға суыры­лып шыққан О.Жұмабеков атындағы білім ошағының оқушылары – Нұртілеу Шомытов пен Мейіржан Кәрібай І орынды қанжығаласа, Әділ Мағазұлы және Нұрғазы Қайыржанов ІІ орынды иеленіп, ауданымыздың абыройын асқақтатты.

Индира АСАМИДАНОВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button