Жарқын болашаққа жол ашады

     Елбасы Үндеуі – демократиялық даму мен «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудың сәтті қадамы.

Елбасының Үндеуі арқылы жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығарады. Айтылған өзгерістерге келетін болсақ, бұл еліміздегі демократиялық процестің ары қарай жалғасын тапқандығын көрсетеді. Сонымен қоса, биліктегі екі негізгі тармақтың – Үкіметтің және Парламенттің құзыреттіктерін қайта қарауды көрсетеді. Олардың жауапкершілігін, елдің саяси-экономикалық дамуындағы жауапкершілігін арттырады, сонымен қатар, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл реформалар жалпыхалықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы жұртпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді. Яғни, әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығын көрсетеді. Аталған қадамдар еліміздің мемлекеттік құрылымдырының тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, ел дамуының жарқын болашағына жол ашады.

А.ТҮСІПХАНОВ,

92 гимназияның тарих пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.