Жануарлар әлеміне саяхат

Драматург, прозаик Нұрайна Сәтбаеваның балаларға арналған жаңа кітабы жарық көрді. Ол бүгінде еміс-еміс есте қалып бара жатқан қазақ халқының ежелгі жануарлар туралы әңгімесін «Әлканың күміс тұмары» атымен қайта жаңғыртты. Аталмыш кітапты қарағандылық аудармашы Рымбала Смаилова қазақ тіліне аударып, қазақ балаларының қоржынын тағы бір кітапқа толықтырды.

Кітап атадан балаға мұраға қалған таңбаның арқасында сиқырлы күшке ие болған бала туралы. Ол таңбаны қолына алғанда барлық жан-жануардың тілін түсінер қабілетке ие болады. Таңбаның көмегімен қиналған жануарларға жәрдемдеседі, сөйтіп жаңа достар табады. Қазір қазаққа ертеден таныс жан-жануарлар туралы әңгіме-ертегілер жоқтың қасы. Дәл осы тұста жарқ еткен «Әлканың күміс тұмары» өзге де идеяларға бас болардай.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Ortalyq.kz