Бас тақырыпРуханият

Жанашыр жандарға разымыз

«Көп түкірсе, көл» деген. Бұқар бабамыздың 350 жылдық мерейтойы жанашыр азаматтардың жәрдемімен, көпшіліктің көмегімен атқарылды. Дүбірлі тойдың дайындығына аудан тұрғындары, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер бей-жай қарамай, қол үшін беріп, көмектесті. Соның арқасында жырау тойы нағыз бұқаралық мейрамға айналды.

 

Орайы келгенде, жарыстардың жүлде қорына демеушілік жасап, қомақты тарту жасаған азаматтарға алғысымызды білдіргіміз келеді.

Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттап, оның өркендеуіне зор еңбек сіңіріп, тер төгіп жүрген жандардың бірі – ауданымыздың нар тұлғалы азаматы, «Жәке» шаруа қожалығының басшысы Айдын Жанғалиұлы Албақай. Ол бабамыздың мерейтойында өткізілген 31 шақырымға созылған аламан бәйгенің жеңімпазына «TOYOTA PRADO» маркалы автокөлігін сыйлады.

Сондай-ақ, ауданымыздың белгілі азаматы, ұлттық спортты дәріптеуге үлес қосып жүрген үміткерлік Жандос Сәрсенбекұлы Шохшин қазақ күресінде 90 келі салмақ дәрежесі бойынша жеңіске жеткен балуанға «TOYOTА CAMRY 70» маркалы автокөлікті тарту етті.

Бұл азаматтардың ниеті – бабамыздың кешегі күні аңсаған ел бірлігінің көрінісі, ауызбіршіліктің белгісі деп білемін. Ұлы тойды тойлауға барынша қолдау көрсеткен азаматтарымызға өз атымнан және аудан тұрғындары атынан зор алғысымды білдіремін.

Бұдан бөлек, ұлы тойдың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, айтулы шараға белсене қатысқан Қарағанды облысының басқарма басшыларына, қалалар мен аудандар әкімдеріне, әуе шоуын ұйымдастырғаны үшін «Авиациялық оқыту-жаттықтыру орталығы» ЖШС басшысы Виталий Геннадьевич Лустовқа, аспалы арқанмен жүруден өнер көрсеткен өзбекстандық азаматтарға және барлық демеушілерге «Бұқар жырау Қалқаманұлы» атындағы қоғамдық қордың, аудан ардагерлері және барша аудан тұрғындары атынан зор алғысымды білдіремін.

Алла істеріңізге сәттілік беріп, Бұқар бабаның аруағы әрдайым қолдапқорғап жүрсін!

Құрметпен, Төкен АРБАБАЕВ,

 «Бұқар жырау Қалқаманұлы» атындағы қоғамдық қордың төрағасы,

Бұқар жырау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button