Жаңалықтар
Жанға жайлы демалыс
Қарағандының іргесіндегі Федоров су қоймасы қалалықтардың жаз кезіндегі сүйікті демалыс орындарының біріне айналған. Бүгінде жергілікті билік тарапынан аталған су қоймасының жағалауын абаттандыру шаралары қолға алынуда.
Жақында саябақтар мен гүл бақтары басқармасының тапсырысымен жағажайда 10 шатыр мен 30 шезлонг орын тепті. Негізгі материалы – ағаш. Сондай-ақ, жағажайда биодәретхана мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Жиналған қоқысты «ГорКомТранс» серіктестігі шығарып отыруға міндетті.
Бүгінде жағажай қоқыстан тазартылып, 400 тонна құм төселді. Демалушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы бақылап отыратын құтқарушылар қызметі реттелді. Тағы бір айтып өтері, жағалауда тегін демалуға болады.
Өз тілшімізден.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.