Теміртау

Жалтарғанға жаза бар

   Алимент төлеуден қашқандар әкімшілік жауапқа тартылады. Азаматтардың қарызы мың айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда мың айлық есептік көрсеткіш, яғни, 1 млн. 982 мың теңге төлейді. Алимент төлемей жүрген азаматтардың басым бөлігі жеке мүлкі мен көлігін өзге біреулердің атына рәсімдейді. Тіпті көпшілігі тіркелген мекен-жайында тұрмайды, еш жерде тұрақты жұмыс істемейді. Бір сөзбен айтқанда, баласына ақша төлемеу үшін бой тасалайды.

Сондықтан, сот орындаушылары шарасыздықтан көлік жүргізу құқығын шектеу сияқты әрекеттерге барып отыр. Бүгінде біз борышкерлерге тиесілі жүргізуші куәлігінің қолданысын уақытша тоқтата тұру жөніндегі ұсыныстарды Теміртау қалалық сотына жібереміз. Сот ұсыныстарды қарап борышкерлердің жүргізуші куәлігінің қолданысын уақытша тоқтата тұруға қаулы шығарады, борышкерлер қарызын өтемейінше көлік жүргізе алмайды. Бұдан өзге сот орындаушылары баласына қарыз әкелердің басқа да лицензияларының жұмысын уақытша шектейді.

Биыл жыл басында алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты жаңа заң жобасы күшіне енді. Оған сәйкес, үш ай алимент төлемеген азаматтың үстінен алимент өндіріп алушы қылмыстық іс қозғау үшін шағымдана алады. 2016 жылы осындай 14 қылмыстық іс қозғалды. Бір борышкер 1 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сот орындаушылары қарызын төлеуден жалтарған әкелерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды да күшейте түскен. Тек 2016 жылы 51 әкімшілік іс қозғалып, Теміртаулық борышкерлер 1 тәуліктен 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған.

Теміртау сот орындаушылар аумағы бойынша алимент төлеуге қатысты 2198-ге жуық іс бар. Ал мүлдем төленбеген қарыздың сомасы 16 миллион теңгеден астам.

Бүгінгі таңда әділет департаменті жауапсыз әкелерден алимент өндіру үшін жеке сот орындаушыларының санын көбейте бастады. 2016 жылдан бастап алимент төлеуге қатысты барлық атқарушылық іс толықтай жеке сот орындаушыларының құзырына берілді.

Қ.ҚАСЫМОВ,

Теміртау аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button