Жаңалықтар

Жалған сөзге – жаза

Полиция қызметкерлері шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруда. Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында «Қарағанды облысында заңсыз аң аулаушыларды қуу барысында «Ақбөкен» қоғамдық ұйымының инспекторлары мінген автокөлікке оқ атылып, көліктері өртеніп кетті» деген ақпарат таралған болатын.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұлытау аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өртеніп кеткен автокөлікте болған 5 адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жүргізілген тергеу барысында анықталғандай, инспекторлар 6 маусым күні сағат 18.00 шамасында жазық даладан шаңдатып келе жатқан көлікті көрген. Осыдан кейін олар «аталған көлікте заңсыз аң аулаушылар болуы мүмкін» деген күдікпен көлікті аңдымақ болған. Алайда, инспекторлар мінген көлікке шөп жиналуынан өрт шығып, өртеніп кеткен. Бұл туралы қызметкерлер дереу басшылыққа хабарлаған. Олардың автокөлігіне оқ атылмаған және қасақана өртелмеген.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button