Жаңғырудың жарқын даңғылы

     Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа әлеуметтік құрылымның құрылуын, онда жас қазақстандықтың бейнесін патриотизм, өзінің түп тамыры арқылы, өлкетану бағытымен дамыту қажеттілігін айтады.

«Рухани жаңғыру» мен «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша Осакаров ауданы орталық кітапханасында екі жоба қолға алынды. Жобалардың мақсаты – жас буынның өлкетанулық білімдерін тереңдету, Осакаров ауданының әлеуетін ашу, ауданның тарихына қызығушылықтарын ояту, сондай-ақ, халықтың ақпараттық, коммуникативтік және жалпы білім қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

«Жер тағдыры – ел тағдыры» жо­басы «Осакаров ауданының виртуалды шежіресі» атты алаңға бағытталған. Бұған өлке тарихы, ауыл жыл­намасы беріледі. Сондай-ақ, Оса­каров ауданының әдеби картасы, тарих беттерінде (ауданның үлгілі адамдарының өмірбаяны), ауданның туристік нысандары туралы ақпараттар, Осакаров ауданының этномәдени бірлестігі және «Осакаров ауданының археологиялық картасы» кіреді.

Көптеген жылдар бойы кітапханашылар өлке тарихы жайлы материалдар жинады. Оның ішіне энциклопедиялар, естеліктер, фотоқұжаттар, әр жылдардағы мақалалар енген. Ауылдың өлке тарихын қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Нәтижесінде, Осакаров ОКЖ сайтының өлкетану бөліміне энциклопедиялар және Крещеновка, Есіл, Коллективное, Дальнее, Сұңқар, Садовое, Қарағайлы (Октябрьское) ауылдарының жылнамасы қойылды. ОКЖ сайтында және кітапхананың әлеуметтік желі беттерінде ауданның дамуына өз үлесін қосқан адамдар жайлы, тарих туралы бейнероликтер салынған. Сонымен қатар, ақпаратты жүйелендіру бойынша жергілікті жердің атауы антротопонимика жұмыстары басталды. Уызбай-Бикеш, Ахмет ауылы туралы мақалалар жарияланды.

Соғыс ардагерлерінің хаттары мен фотосуреттерін іздеуде, өмірбаяндарын жинауда кітапхана қызметкерлері үлкен жұмыстар жүргізді. Осы тапсырманы орындау барысында арнайы іздеу-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Игілікті іске қолғабыс болған – жергілікті өлкетанушылар. Олар – «Мирас» өлкетану клубының мүшесі Г.Головченко мен аудандық мұражай қызметкері Е.Монжосов.

Жиналған материалдар негізінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Осакаров жауынгерлеріне арналған «Ұмытылмайтын естеліктер» сайты құрылды. Сайтқа Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естеліктері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы осакаровтықтардың ерлігі жайлы өлкетанушылардың мақалалары, ардагерлердің фотосуреттері, майдан хаттары, ес­керткіштер жайлы ақпараттар, бейнемұрағаттар енгізілді. Және осака­ровтықтарды әскерге шақырған, ма­рапаттауға ұсынылған құжаттар та­былып, ақпарат әзірленді.

«Өлкетану құжаттарының сақталуы» облыстық бағдарламасының аясында жинақталған материалдарды сандық үлгіге аудару жұмыстары басталды. Осы уақыт аралығында 460 құжат көшірілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2014 жылы ғаламторда «Осакаров ауданы – басылым беттерінде» атты виртуалды цифрлық мәліметтер жинағы құрылды. Бұл жинақ мәдениет, тарих, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы ақпараттарды қамтиды.

Тағы бір айта кетерлік жайт, даңқты жерлес осакаровтықтар – Со­циалистік еңбек ерлері И.Иванов, Х.Байғабылов, Е.Ортман және басқалары туралы жинақ папкасы да көптің көңілінен шығуда.

Мәдени-ағарту мекемелерінің басты міндеті – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту. «Өнерлі жастар» жобасының басты мақсаты – жас буынның жеке шығармашылық ерекшеліктерін ояту және балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық орта қалыптастыру. Жобаның қорытынды жемісі – виртуалды журнал. Мұнда аудан жастарының шығармашылық жұмыстары жарияланады. Жобаны іске асыру барысында поэтикалық клуб пен үйірме жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Қорытынды іс-шаралар мәнерлеп оқу сайыстарымен бекітіледі – «Абайдың поэтикалық тілі», «Мұқағали мұ­расы». Сондай-ақ, «Жас қалам», «Жас тілші», «Проба пера», «Напиши свою сказку, рассказ, стихи…» тақыры­бындағы шығармашылық сайыстар арқылы.

Орталық кітапханада жас суретшілер мен музыкалық қонақтарға ар­налған шығармашылық алаң жасалады.

«Біздің мақсатымыз – балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық арқылы өзін-өзі тануға жетілдіру. Жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті, жан-жақты, білімді, толыққанды патриот азамат болып өсуін қамтамасыз ету. Осылайша, болашақта елін, жерін, халқын шын сүйетін  қазақстандық жас ұрпақтың бейнесін қалыптастырамыз», – дейді Осакаров ауданы орталық кітапханасының қызметкерлері.

 

Өз тілшімізден.

ОСАКАРОВ ауданы.

Сурет ғаламтордан алынды.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.