Жаңалықтар

Жаңаша оқыту – жетістік көзі

Облыс ұстаздары былтырдан бастап «Өрлеу» институтында «Орта білім мазмұнын жаңарту» шеңберінде өтіп жатқан курстарда біліктіліктерін арттыруда. Курстың негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарлама аясында курс тыңдаушылары жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, көптеген оқу стратегияларын, әдіс-тәсілдерін, оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдана білудің қыр-сырын үйренуде. Курс ұстаздарға жаңа леп, тың идеяларды ұсынып, білімді меңгерудің тиімді жолдарын айқындап берді.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаттарының бірі – оқушының тек қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу ғана емес, оны оқу үрдісінің басты тұлғасы ету. Филиал тәжірибесі көрсеткендей, институт қабырғасында жаңа формация ұстаздары инновациялық білім, педагогикалық идеялар мен технологияларды меңгеріп қана қоймай, педагогикалық шеберліктерін ұштады. Заманауи мұғалім – оқу үрдісін білім, дағды және құзыреттілік дамыту жүйесі ғана емес, тұлғаны дамыту үрдісі ретінде қарастырылған.

Қорыта айтқанда, барлық әдіс-тәсілдің ортақ түйіні – ол әр ұстаздың жаңалық, өзгерістерді дер кезінде дәл тауып, құндысын жинақтап, саралап, оқушы түйсігіне жеткізу. Сол арқылы оқушының білімге деген құштарлығын арттыру, яғни, тиімді деп табылған технологияны меңгере отырып, ашылмаған бұлақтың көзін ашуымыз керек.

Н.ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,

«Өрлеу» БАҰО АҚ Қарағанды облысы филиалы ПҚ БАИ аға оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button